Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 2 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындады:
1) Сартоғай ауылдық округінде
1) Сарыжар ауылдық округінде
Бүгін 2024 жылғы 13 қарашада 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 2 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 14 қарашадан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.