аудандық «Шалқар» газетінде баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы

"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы"

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес,

аудандық «Шалқар» газетінде шығып қалған Шалқар аудандық мәслихат депутатының орнына сайланатын кандидаттарға

баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері,

шарттары мен тәртібі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны — 250 теңге;
  2. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны — 325 теңге;
  3. Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі;
  4. Үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс;
  5. Мақалалар word форматында, фотосуреттер jpeg форматында қабылданады, үміткердің суреті сапалы болу керек;
  6. Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.

Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

          Мекен-жайымыз: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қ. Әйтеке би көшесі №63,  «Анаға тағзым» ғимараты.

 

 

 

 

Аудандық «Шалқар» газетінің редакциясы

Дата публикации
06 ноября 2024