11 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), 12-13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 12-13 қазан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының 11 қазанда күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.