Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 25.08.2024

Ақтөбе облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 25.08.2024

 

Ағымдағы жылдың 25 тамызда 4 ауданда (Алға, Байғанин, Қобда, Мұғалжар) 6 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті: 5 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 1 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 4 аумақтық және 12 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         6 сайлау округі бойынша 20 кандидат ұсынылды: 2 (10%) «AMANAT» партиясынан, 18 (90%) өзін-өзі ұсыну.

17 (85%) - мемлекеттік қызметшілер, 2 (10%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 1 (5%) – уақытша жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды, 1 кандидат өз еркімен  арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды.

Сайлауға 18 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 4 - мемлекеттік қызметшілері (оның ішінде 2 әкім), 2 -  бюджеттік сала қызметкерлері.

2 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 4  - өзін – өзі ұсынушылар.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 47 жаста, ең кішісі 26 жаста, ең үлкені 61 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

 

Дата публикации
26 августа 2024