Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 25 тамызға тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2024 жылғы 25 тамызға тағайындау туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 4 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 6 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 25 тамызға тағайындады:

  1. Алға ауданында әкімдер сайлауы:

1) Ақай ауылдық округінде

2) Бестамақ ауылдық округінде

  1. Байғанин ауданында әкім сайлауы:

1) Қопа ауылдық округінде

  1. Қобда ауданында әкімдер сайлауы:

1) Қызылжар ауылдық округінде

2) Өтек ауылдық округінде

  1. Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:

1) Егіндібұлақ ауылдық округінде

         Бүгін 2024 жылғы 17 шілдеде 4 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 6 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2024 жылғы 25 тамызға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 18 шілдеден басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
17 июля 2024