2024 жылғы 1-тоқсанда облыс әкімімен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Орындалу барысы

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

1. 

 

Жібек жолы т/а дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

Қазіргі таңда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Аяқталу мерзімі – 2024 жылдың тамыз айы.

АЛҒА АУДАНЫ

2. 

«Үшқұдық-Алға-Тоқмансай» аудандық маңызы бар жолының 2,1- 8,1 км орташа жөндеуден өткізу

Аудандық маңызы бар «Үшқұдық-Алға-Тоқмансай автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Асфальт жабындысы төселді, жол жиектерін нығайту жұмыстары аяқталды.  Бүгінгі таңда, жол белгілерін орнату жұмыстары жасалуда.

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

3. 

Талдысай ауылына футбол алаңын салу

«Талдысай ауылында шағын футбол алаңын орнату» жобасы бойынша ашық конкурстың жеңімпазы анықталды. 7 088 888 теңге сомасына шарт жасалды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, қазіргі уақытта футбол алаңының қоршауы орнатылуда.

БАЙҒАНИН АУДАНЫ

4. 

«Әулие» бөгетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

Қарауылкелді ауылының Әулие бөгеті жан-жағы көтеріліп бөгеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Әулие бөгетінің техникалық жай күйін тексеру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер анықталу жұмыстары жүргізіліп, келісім шарт жасақталуда.

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

5. 

Ырғыз ауылындағы кітапхана ғимараты құрылысын аяқтау

Қазіргі таңда ішкі жұмыстары жасалуда. Жалпы құны -  380,7 млн тг. Аяқталу мерзімі – 2024 жыл. 

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ

6. 

Бадамша ауылындағы Пацаев көшесі, 11 а мекенжайдағы әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

 

ҚОБДА АУДАНЫ

7. 

Жарсай ауылдық клубын күрделі жөңдеуден өткізу

Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аяқталу мерзімі – 2024 жыл.            

МӘРТӨК АУДАНЫ

8. 

Қаратоғай ауылындағы ФОК құрылысын аяқтау

А.ж. нысанды аяқтауға аудандық бюджеттен 219 млн тг бөлінді. Қазіргі таңда жұмыстар 80 пайызға орындалды. 2024 жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

9. 

Бұлақты – Ембі көтерме жолында орналасқан 3 км, 10 км суағарларды қалыпқа келтіру

Аталған суағарлар ағымдағы жылдың сәуір айында қалыпқа келтірілді. Бүгінгі күні төтенше жағдай режимі шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық тексеру аяқталып, ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.

ОЙЫЛ АУДАНЫ

10. 

Кемер ауылына кіреберіс автомобиль жолын 0-1,03 км орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

Кемер ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды. 2024 жылғы 30 мамырда 42 807 000 тенгеге келісімшарт жасалды.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 2 ай.

ТЕМІР АУДАНЫ

11. 

Жақсымай ауылдық округі,  Шұбарқұдық ауылындағы ауылдық клуб ғимаратын аяқтау

Ағымдағы жылдың наурыз айында жұмыс толығымен аяқталды.

ХРОМТАУ АУДАНЫ

12. 

КТ аппараты үшін 82 млн теңге сомасына рентген түтігін сатып алу және орнату

Облыстық мәслихаттың сессиясында 92 млн тг бөлінді.

Қазіргі таңда КТ аппаратын жөндеуге арналған «рентген түтігін» мемлекеттік сатып алудың қосымша тізіміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ресми хат жолданды.

 

ШАЛҚАР АУДАНЫ

13. 

Алабас ауылының электр желілерін қайта жаңарту құрылысын аяқтау

Алабас ауылының электр желілерін қайта жаңарту жұмыстарына 2024 жылға РБ-50,0 млн тг, ОБ-13,64 млн тг бөлінді.

Құрылыс жұмыстары басталуда.

Аяқталу мерзімі – 2025 жыл.

 

 

   

Дата публикации
12 июля 2024