Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша
жария талқылаулар өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Осымен 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген.
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Ақтөбе облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр.
Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады.
Жария талқылау өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 265, Жастар сарайы, «Мәңгілік Ел» залы.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 12 шілде, сағат 10-00.
Барлығын қатысуға шақырамыз!
АЭС салу туралы толығырақ төмендегі сілтемелер бойынша таныса аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/documents/details/689090?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/documents/details/689099?lang=kk
https://www.youtube.com/watch?v=1yROTsOPiDA&ab_channel=tokaiuly (каз)
https://www.youtube.com/watch?v=iQUD2i8iLYQ&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.youtube.com/watch?v=oRo4P3lJMxk&ab_channel=tokaiuly (каз)
https://www.youtube.com/watch?v=-3yLXWhU6MM&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.youtube.com/watch?v=UySZaeQDZr0&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.youtube.com/watch?v=JyMoNJ5aXyY&ab_channel=tokaiuly (рус)
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/media/details/53499?lang=kk