Ақтөбе облысының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 07.07.2024

Ақтөбе облысының

аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 07.07.2024

Ағымдағы жылдың 7 шілдеде 5 ауданда (Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар,) 1 қаланың және 5 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 5 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 5 аумақтық және 22 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         6 сайлау округі бойынша 24 кандидат ұсынылды: 1 (4,1%) «AMANAT» партиясынан, 23 (95,9%) өзін-өзі ұсыну.

18 (75%) - мемлекеттік қызметшілер, 3 (12,5%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (8,3%) – уақытша жұмыссыз, 1 (4,2%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкері.

Тіркеуге дейін 2 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды, 1 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.

Бюллетеньдер дайындалғанға дейін 2 кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.

Сайлауға 19 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 5 - мемлекеттік қызметшілері (оның ішінде 1 әкім), 1 -  бюджеттік сала қызметкері.

1 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 5  - өзін – өзі ұсынушылар.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 42 жаста, ең кішісі 27 жаста, ең үлкені 54 жаста.

Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

Дата публикации
09 июля 2024