Ақтөбе облысының
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 12.05.2024
Ағымдағы жылдың 12 мамырында 3 ауданда (Қобда, Ойыл, Шалқар,) 4 ауылдық округ және 1 аудандық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтті: 3 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 3 аумақтық және 22 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
5 сайлау округі бойынша 19 кандидат ұсынылды: 5 (23,6%) «AMANAT» партиясынан, 1 (5,3%) «Ақ Жол» партиясынан, 1 (5,3%) Қазақстан Халық партиясынан , 12 (63,1%) өзін-өзі ұсыну.
14 (73,7%) - мемлекеттік қызметшілер, 5 (26,3%) - бюджеттік сала қызметкерлері.
Тіркеуге дейін 1 кандидат өз еркімен арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды. 1 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.
Бюллетеньдер дайындалғанға дейін 2 кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.
Сайлауға 15 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 4 - мемлекеттік қызметшілері (оның ішінде 2 әкімдер), 1 - бюджеттік сала қызметкері.
5 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 41 жаста, ең кішісі 34 жаста, ең үлкені 46 жаста.
Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.