Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл
және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2024 жылғы 2 маусымға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 6 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 1 қаланың, 1 ауылдың және 10 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 2 маусымға тағайындады:
1) Жабасақ ауылдық округінде
2) Құмқұдық ауылдық округінде
1) Қарақобда ауылдық округінде
2) Маржанбұлақ ауылдық округінде
1) Ащы ауылдық округінде
2) Жарқамыс ауылдық округінде
3) Миялы ауылдық округінде
1) Бадамша ауылдық округінде
2) Степной ауылдық округінде
3) Шәмші Қалдаяқов ауылында
1) Темір қаласында
1) Шалқар ауылдық округінде
Бүгін 2024 жылғы 24 сәуірде 6 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстағы 1 қала, 1 ауыл және 10 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 25 сәуірден басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.