Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 07.04.2024

 

Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 07.04.2024

 

Ағымдағы жылдың 7 сәуірде 4 ауданда (Қобда, Мәртөк, Шалқар, Ырғыз) 4 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті: 4 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 4 аумақтық және 8 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

4 сайлау округі бойынша 19 (100%) кандидат өзін-өзі ұсынылды.

10 (52,6%) - мемлекеттік қызметшілер, 6 (31,5%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 1 (5,3%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкері,                  1 (5,3%) – зейнеткер, 1 (5,3%) – уақытша жұмыссыз.

2 кандидат сәйкестік рәсімінен өтпей қалды. 2 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.

Активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дәйексіздігі негізінде тіркеудің күшін жою – 1, жеке өтініш негізінде тіркеудің күшін жою – 1.

Сайлауға 13 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 1 - мемлекеттік қызметші, 2 - бюджеттік сала қызметкерлері, 1 – зейнеткер.

4 – өзін-өзі ұсынылды.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 36 жаста, ең кішісі 28 жаста, ең үлкені 46 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024