Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облыстың 10 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 43 кандидаттан барлығы 7 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 1 - қайтыс болуына байланысты, 1 - партия хаттамасының негізінде алынып тасталды. Жеке өтініштер негізінде тіркеудің күшін жою – 2, активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дәйексіздігі негізінде-1.
30 кандидатты тіркеді, 1 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 30 кандидаттың 16 саяси партиялар, 14 өзін-өзі ұсынған. Оның 26 ер адам, 4 әйел адам. Кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.
19 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 2 – партия қатарында жоқ, 9 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 39.
19 кандидаттың жоғары білімі, 11 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 14 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 14 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 2 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер: