Ақтөбе облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Ақтөбе облысы бойынша  мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен

тіркеу барысы туралы

 

2024 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облысында 10 сайлау округтарыңда (4 қала,  6 аудан) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 38 кандидат ұсынылды. Оның 18 - саяси партиялар, 20 -  өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 33 – ер адам және 5 – әйел адам.

23 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3 – партия қатарында жоқ, 12 партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жас - 38 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.

31 кандидаттың жоғары білімі, 17 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 15 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 17 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - саяси партиялар мен ҮЕҰ  қызметкерлері, 1 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 4 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 24 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз  күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

Сілтемелер

1.Ақтөбе қаласының https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/activities/13628?lang=kk

  1. Байғанин ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/activities/40874?lang=kk
  2. Қарғалы ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/activities/40904?lang=kk
  3. Мәртөк ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/activities/41185?lang=kk
  4. Мұғалжар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/activities/40912?lang=kk
  5. Ойыл ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/activities/40942?lang=kk

 

Дата публикации
01 марта 2024