«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде шығып қалған Ақтөбе қалалық және аудандар мәслихатының депутаттарының орнына сайланатын кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 250 теңге ҚҚС қоса алғанда.
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 325 теңге ҚҚС қоса алғанда.
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газеттер сайтына орналастыру материалдарының жалпы құнының – 125 теңге ҚҚС қоса алғанда..
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газеттер сайтына баннер орналастыру көлемі 197х270 тәулігіне құны 15 000 теңге ҚҚС қоса алғанда.
«Актюбинский вестник» газеті таралымы – 4 953 дана.
«Ақтөбе» газеті таралымы - 14 503 дана.
Газеттердің шығу жиілігі аптасына 2 рет:
- сейсенбі күні - D2 форматта;
- жұма күні - АЗ форматта.
- Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері кандидаттарына ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлау алдындағы үгіттік құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газет беттерінде орналастыру «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
- Сайлау алдындағы үгіттік материалдарын газеттерде жариялау үшін күтілетін жарияланым күніне дейін 3 (үш күн) күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
- Мақалалар WORD форматында, фотосуреттер, жарнамалық макеттер jpeg, tiff, cdr (16 верс.) форматтарында беріледі.
- Жасалған шарт бойынша «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде орналастырылған сайлау алдындағы үгіттік материалдары үшін ақы төлеу ұсынылған шоттың негізінде, берілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
10.Сайлау алдындағы үгіттік материалдарды газеттерде орналастыру демалыс және мереке күндерінен басқа күнделікті жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00- ден 17.00-ге (түскі үзлісі 13.00-14.00) дейін жүзеге асырылады.
Жарнама бөлімі, байланыс телефондары: 8(7132) 90-71-55, e-mail: aktobesmi@mail.ru
Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мекен-жайымыз: Ақтөбе қ. Астана ауданы, Тілеу батыр көшесі, 10 үй «Ақтас» бизнес орталығы.