Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 11.02.2024

Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 11.02.2024

 

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында 4 ауданда (Қобда, Мұғалжар, Хромтау, Шалқар) 7 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті: 3 – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 4 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 4 аумақтық және 13 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

7 сайлау округі бойынша 31 кандидат ұсынылды: 6 (19,4%) «AMANAT» партиясынан, 2 (6,4%) «Ақ жол» партиясынан, 23 (74,2%) өзін-өзі ұсыну.

17 (54,84%) мемлекеттік қызметшілер, 4 (12,9%) бюджеттік сала қызметкерлері, 4 (12,9%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері,          6 (19,36%) –уақытша жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды,                        4 кандидат өз еркімен  арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды.

Бюллетеньдер дайындалғанға дейін тіркелген 2 кандидат өз еркімен кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.

Сайлауға 24 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 2 - мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 1 әкім),    3 - бюджеттік сала қызметкерлері, 1 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері 1 – уақытша жұмыссыз.

4 – «АМАNАТ» саяси партиясынан, 3 – өзін-өзі ұсыну.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 37 жаста, ең кішісі 26 жаста, ең үлкені 50 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

Дата публикации
12 февраля 2024