Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2024 жылғы 11 ақпанға тағайындау туралы

Хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 4 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 7 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындады:

 

  1. Қобда ауданында әкімдер сайлауы:

1) Сарбұлақ ауылдық округінде

2) Сөгәлі ауылдық округінде

 

  1. Мұғалжар ауданында әкімдер сайлауы:

1) Қ. Жұбанов ауылдық округінде

 

  1. Хромтау ауданында әкім сайлауы:

1) Абай ауылдық округінде

2) Бөгетсай ауылдық округінде

 

  1. Шалқар ауданында әкім сайлауы:

1) Кішіқұм ауылдық округінде

2) Тоғыз ауылдық округінде

 

         Бүгін 2024 жылғы 3 қаңтарда 4 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстағы 7 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2024 жылғы 11 ақпанына тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 4 қаңтардан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

Дата публикации
03 января 2024