Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 10.12.2023

 

Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 10.12.2023

 

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында 3 ауданда (Байғанин, Мәртөк, Темір) 3 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 3 аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

3 сайлау округі бойынша 10 кандидат ұсынылды: 1 (10%) «АМАНАТ» партиясынан, 1 (10%) «Ақ жол» партиясынан, 1 (10%) «Ауыл» партиясынан, 7 (70%) өзін-өзі ұсыну.

7-і (70%) мемлекеттік қызметшілер (оның 1-і әкім), 2-і (20%) бюджеттік сала қызметкерлері, 1-і (10%) үкіметтік емес ұйым қызметкерлері.

Тіркеуге дейін 1 кандидат өз еркімен  арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды.

Сайлауға 9 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 2 - мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 1 әкім),    1 - үкіметтік емес ұйым қызметкерлері.

1 – «АМАНАТ» саяси партиясынан, 1 – «Ауыл» саяси партиясынан ұсынылған, 1 – өзін-өзі ұсыну.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 41 жаста, ең кішісі 30 жаста, ең үлкені 48 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

Дата публикации
11 декабря 2023