Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындады:
1) Қарауылкелді ауылдық округінде
1) Қаратоғай ауылдық округінде
1) Шұбарқұдық ауылдық округінде
Бүгін 2023 жылғы 1 қарашада 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстағы 3 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 10 желтоқсанына тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 2 қарашадан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.