ҚР ОСК төрағасының орынбасары К.Петровтың Ойыл ауданына іс-сапары

2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің пилоттық сайлауын дайындау және өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров 20- 23 қазан аралығында инспекциялық сапармен Ақтөбе облысына барды. Аймаққа сапарға Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты.

20 қазанда  Константин Петров Ойыл ауданында болып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, ішкі істер органдарының басшыларының, Ойыл ауданының сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Онда аудан әкімінің алдағы сайлауына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерді тыңдады.

Кеңес барысында әкімдікке және аумақтық сайлау комиссияларына сайлау науқанын толық ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды және кандидаттарға үгіт-насихат жұмысы үшін, оның ішінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін қажетті орындар санын беру арқылы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

 

 

Дата публикации
23 октября 2023