Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін
мерзімінен бұрын сайлауын 15 қазан 2023 жылға
дейін ұзарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына және 113-7-бабының 1-тармағына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кеңкияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 15 қазанға дейін ұзартылсын.
- Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 18 қыркүйекте басталып, 2023 жылғы 20 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 24 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданының Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауын мерзімінен бұрын тағайындау туралы 30.08.2023 жылғы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы аудандық «Темір» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.