2023 жылғы 05 қарашаға тағайындалған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерінің сайлауында жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидаттың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 33-бабының 2-1-тармағына сәйкес облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға -200 000 (екі жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс – шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға -150 000 (жүз елу мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 70 000 (жетпіс мың) теңге.
Төраға Н. Жүсіпов
Хатшы А.Бүркіталин