Ақтөбе қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанға Ақтөбе қаласының №32 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Ақтөбе қалалық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылдың 30 тамызынан басталады.
Округ орталығы: Ақтөбе қаласы, Украинка тұрғын үй алабы, 147, тел. 8(7132) 73-01-57.
«№75 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Округ шекаралары: Пригородное, Садовое, Кеңес Нокин, Украинка, Белогорск карьері, Белогор, Ақтасты, Өлке, Есет Батыр шағын ауданының тұрғын үй алаптары (3 шағын ауданы), оның ішінде іргелес бау-бақша ұжымдары.
Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы.