Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 6 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары Хромтау қаласының және 9 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындады:
1) Миялы ауылдық округінде
2) Жаңажол ауылдық округінде
1) Жайсаң ауылдық округінде
2) Құрмансай ауылдық округінде
3) Сарыжар ауылдық округінде
1) Ащысай ауылдық округінде
1) Алтықарасу ауылдық округінде
1) Жарық ауылдық округінде
1) Хромтау қаласында
2) Қызылсу ауылдық округінде
Бүгін 2023 жылғы 16 тамызда 6 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстағы Хромтау қаласының және 9 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 17 тамыздан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.