Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 12.02.2023
2023 жылдың 12 ақпанда ауылдық округтер әкімдерін сайлау 6 сайлау округтері бойынша өтті (Алға ауданының Қарақұдық ауылдық округінде, Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округінде, Қарғалы ауданының Кемпірсай ауылдық округінде, Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округінде, Шалқарауданының Қауылжыр, Шетырғыз ауылдық округтерінде).
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 4821 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 3616 (75,01%).
Сайлауға 106 мүшесі (35 аумақтық, 71 учаскелік комиссия) бар 5 аумақтық сайлау комиссиялары мен 13 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 17 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 4 кандидат «AMANAT» партиясынан, 1- Ақ жол партиясынан, 12 кандидат өзін-өзі ұсынған.
Барлық 6 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған – 4, өзін-өзі ұсынған - 2.
Сайланған әкімдердің 4 мемлекеттік қызметшілер болып табылады (оның ішінде 2 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 2 – бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Сайланғандардың 2 әйел.
Сайланған әкімдердің орташа жасы – 42 жас, ең жасы – 32-де, жасы үлкені – 54-те.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.
|
1 |
Алға ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/documents/details/423094?lang=kk |
|
2 |
Ырғыз ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/documents/details/423349?lang=kk |
|
3 |
Қарғалы ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/documents/details/423307?lang=kk |
|
4 |
Мұғалжар ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/423467?lang=kk |
|
5 |
Шалқар ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/423158?lang=kk |