Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 30.07.2023

Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 30.07.2023

 

2023 жылдың 30 шілдесінде ауылдық округтер әкімдерін сайлау 7 сайлау округтері бойынша өтті (Әйтеке би ауданы, Әйке, Ақтасты, Қызылжұлдыз, Сұлукөл ауылдық округтерінде, Қобда ауданы, Қобда және Жиренқопа ауылдық округтерінде,  Темір ауданы, Жақсымай ауылдық округінде).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 7880 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 5507 (69,89%).

Сайлауға 96 мүшесі (21 аумақтық, 75 учаскелік комиссия) бар                                    3 аумақтық сайлау комиссиялары мен 13 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тіркелген 21 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде                     5 кандидат «AMANAT» партиясынан,  2 кандидат «Ақ жол» партиясынан,                   14  кандидат өзін-өзі ұсынған.

Барлық 7 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған – 5, өзін-өзі ұсынған  - 2.

Сайланған әкімдердің 6 – мемлекеттік қызметкер (оның ішінде 1 әкім),                  1 - бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Сайланған  әкімдердің орташа жасы – 39 жас, ең жасы – 29-де, жасы үлкені – 57-де.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

Дата публикации
31 июля 2023