Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2023 жылғы 30 шілдеге тағайындау туралы Хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2023 жылғы 30 шілдеге тағайындау туралы

Хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 7 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 30 шілдеге тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкімдер сайлауы:

1) Әйке ауылдық округінде

2) Ақтасты ауылдық округінде

3) Қызылжұлдыз ауылдық округінде

4) Сұлукөл ауылдық округінде

 

  1. Темір ауданында әкім сайлауы:

1) Жақсымай ауылдық округінде

 

  1. Қобда ауданында әкімдер сайлауы:

1) Қобда ауылдық округінде

2) Жиренқопа ауылдық округінде

 

         Бүгін 2023 жылғы 21 маусымда 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 7 ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2023 жылғы 30 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2023 жылғы                        22 маусымда басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

Дата публикации
21 июня 2023