Байғанин аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті VІІ-ші шақырылымының сайлау қорытындысы туралы хабарлама.

Байғанин аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті VІІ-ші шақырылымының сайлау қорытындысы туралы хабарлама.

           2021 жылдың 10 қаңтарында Байғанин аудандық депутаттарының бір тұтас сайлау округі бойынша сайлау өтті. Ауданның сайлаушылар тізіміне 14526 азамат тіркелді. Оның ішінде бюллетень алып дауыс берген сайлаушылар саны 10640  адам немесе барлық сайлаушылардың 74,36 проценті, оның ішінде уақытша есептен шығару куәлігімен дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 3 адам, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны 137 адам. Дауыс беру кезінде саяси партияларға төмендегідей дауыс берілді:

Қазақстан Халық партиясы - 974 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,29 проценті;

«Nur Otan» партиясы – 8336 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 79,53 проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1031 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,84 проценті;

«ADAL» саяси партиясы – 140 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,34 проценті;

    Дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 7 және одан көп дауыс алған партияларға депутаттық мандатты бөлу кезінде төмендегідей болды.

Қазақстан Халық партиясы - 1 мандат;

«Nur Otan» партиясы - 9 мандат;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1 мандат.

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 мая 2023