Шалқар аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымындағы депутаттарын сайлау қортындысы туралы хабар.
10 қаңтар 2021 жылы аудандық аумақтық сайлау округі бірлігі бойынша Шалқар ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 27512 азамат еңгізілді, оның ішінде сайлау бюллетендерін алғандары 20052 адам, яғни 72,88 пайызы.
Дауыс беруге 19745 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәлігімен қатысқан сайлаушы жоқ, ғимараттан тыс 94 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 5 саяси партия қатысты:
Саяси партиялар үшін келесідей дауыс берілді:
Қазақстан халық партиясына – 1548 дауыс немесе қатысқан дауыс берушілердің дауыстарының 7,96 % дауысы
«Nur Otan» партиясы 16023 дауыс немесе қатысқан дауыс берушілердің дауыстарының 82,41% дауысы
«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясына - 1664 дауыс, немесе қатысқан дауыс берушілердің дауыстарының 8,56% дауысы.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясына - 62 дауыс немесе қатысқан дауыс берушілердің дауыстарының 0,32% дауысы.
«ADAL» саяси партиясына - 147 дауыс немесе қатысқан дауыс берушілердің дауыстарының 0,76% дауысы.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті немесе одан көп пайыз дауысын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттары төмендегіше белгіленді:
«Nur Otan» партиясы – 11 мандат.
«Ауыл» партиясы – 1 мандат.
Қазақстан халық партиясы – 1 мандат.
аумақтық сайлау комиссиясы