Қобда аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы Х А Б А Р

Қобда аудандық мәслихатының кезекті

VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы

Х А Б А Р

 

 

2021жылғы  10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Қобда аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізімдеріне 10 836 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін  8 192 адам немесе  75,6 проценті алды.

Дауыс беруге 8 071адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 168 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:

 «Nur Otan» партиясы – 6 211дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,1проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық  партиясы - 802дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,1проценті;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы  - 829 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,4проценті;

«ADAL» саяси партиясы - 110 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,4проценті;

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:

 

«Nur Otan» партиясы 9 мандат;

 

«Ауыл» партиясы      1 мандат;

 

«Ақ жол» партиясы   1 мандат.

 

                                                             

 

                                                                 Қобда аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 мая 2023