Мұғалжар аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабар
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Мұғалжар аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізімдеріне 43553 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 31698 адам немесе 72,78% алды.
Дауыс беруге 31212 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 432 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 366 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы - 2327 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,57%;
«Nur Otan» партиясы - 23951 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 77,92%;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 2227 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,25%;
«ADAL» саяси партиясы - 2231 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,26%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:
Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат;
«Nur Otan» партиясы – 11 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 мандат;
«ADAL» саяси партиясы – 1 мандат.
Мұғалжар аудандық сайлау комиссиясы