Ырғыз аудандық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабар
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ырғыз аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізімдеріне 8435 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 6327 адам немесе 75 проценті алды.
Дауыс беруге 6233 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 16 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 246 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
Қазақстан Халық партиясы – 650 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,58 проценті;
«Nur Otan» партиясы - 4717 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 76,81проценті;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 640 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,42 проценті;
«ADAL» саяси партиясы - 134 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,18 проценті;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:
Қазақстан Халық партиясы – 1 мандат;
«Nur Otan» партиясы – 8 мандат;
«Ақ жол» партиясы – 1 мандат;
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы