Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабар
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қала бойынша сайлаушылар тізімдеріне 324 596 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 154 159 адам немесе 47 проценті алды.
Дауыс беруге 150 535 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 304 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы – 120 247 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81 проценті;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 931 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7 проценті;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 14 029 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9 проценті;
«ADAL» саяси партиясы – 1 775 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1 проценті;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегіше бөлінгені белгіленді:
«Nur Otan» партиясы – 25 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 3 мандат;
Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясы