Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 14.05.2023
2023 жылдың 14 мамырда ауылдық округтер әкімдерін сайлау 4 сайлау округтері бойынша өтті(Алға ауданының Тамды ауылдық округінде, Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылдық округінде, Ырғыз ауданының Аманкөл ауылдық округінде, Ойыл ауданының Ойыл ауылдық округінде).
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 12295 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 8382 (68,17%).
Сайлауға 132 мүшесі (28 аумақтық, 105 учаскелік комиссия) бар 4 аумақтық сайлау комиссиялары мен 19 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 12кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 3 кандидат «AMANAT» партиясынан, 9 кандидат өзін-өзі ұсынған.
Барлық 4сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған –3, өзін-өзі ұсынған - 1.
Сайланған әкімдердің 2 мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 2 -– бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Сайланған әкімдердің орташа жасы–39 жас, ең жасы–31-де, жасы үлкені–47-де.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.