Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 18 маусымға тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 2ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 1 ауылдық округ және 1 ауыл әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 18 маусымға тағайындады:
1) Қызылбұлақ ауылдық округінде
1) Никельтау ауылында
Бүгін 2023 жылғы 10 мамырда 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 1 ауылдық округ және 1 ауыл әкімдерін сайлау тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 18 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 11 мамырда басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.