Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 30.04.2023
2023 жылдың 30 сәуірінде ауылдық округтер әкімдерін сайлау Қобда ауданының 2 сайлау округтері бойынша өтті (Ақырап, Бұлақ ауылдық округтері).
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 1075 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 672 (62,51%).
Сайлауға 22 мүшесі (7 аумақтық, 15 учаскелік комиссия) бар 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 6 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 1 адам - «AMANAT» партиясының, 2 адам «Ақжол» партиясының, 1 адам «Ауыл» партиясының өкілдері, 2 адам өзін-өзі ұсынушылар.
Барлық 2 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған – 1, өзін-өзі ұсынған - 1.
Сайланған әкімдердің 1 – бюджеттік ұйым қызметкері, 1 – уақытша жұмыссыз.
Сайланған әкімдердің орташа жасы – 38 жас, ең жасы – 34-те, жасы үлкені – 43-те.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.
|
1 |
Қобда ауданы
|
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/documents/details/463785?lang=kk |