Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 30 сәуірге тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 30 сәуірге тағайындады:
1) Бұлақ ауылдық округінде;
2) Ақырап ауылдық округінде.
Бүгін 2023 жылғы 22 наурызда Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында 2ауылдық округі әкімдерініңсайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалған ауылдық округтерәкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну 2023 жылғы 23 наурыздан басталады.
Сайлау туралы ақпарат Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылады.