2022 жылғы 4-тоқсанда облыс әкімімен кездесулерде тұрғындар көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

2022 жылғы 4-тоқсанда  облыс әкімімен  кездесулерде

тұрғындар  көтерген мәселелер мен ұсыныстарды іске асыру  жөніндегі  

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ 

№

Іс-шараның атауы

Орындалу барысы

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

         1.      

Шилісай т/а сумен жабдықтау желілерін салу

Орындалуда.

Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

ҚМЖ басталуына 2023 жылы республикалық бюджеттен 565,6 млн теңге, облыстық бюджеттен 325,0 млн теңге қарастырылған.

АЛҒА АУДАНЫ

         2.      

Бесқоспа ауылдық  округінің дәрігерлік амбулаториясын арнайы жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету

Орындалды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2022 жылы санитарлық автотранспорт сатып алынып, Бесқоспа ауылдық округінің тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында бөлінді.

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

         3.      

«Қарабұтақ - Союзная» халықаралық жол бойындағы трассадан Үшқатты ауылына  дейінгі жолды жөндеу

Орындалуда.

Қазіргі жағдай бойынша аталған жолдың бойында пайда болған шұңқырларға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстың аяқталу мерзімі  2023 жылғы желтоқсан айы.

БАЙҒАНИН АУДАНЫ

         4.     

Алтай батыр ауылында су құбыры желісінің құрылысы

Орындалуда.

Сумен қамту нысандарының құрылысына құрылыс-монтаж жұмыстары 413,5 млн тгеңге. 378,7 млн теңге игерілді.

Бүгінгі таңда ҚМЖ аяқталу сатысында. Ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

         5.     

Аманкөл ауылын газдандыру

Орындалуда.

Республикалық бюджеттен 43,6 млн теңге, облыстық бюджеттен 10,9 млн теңге бөлінді. Қаражат толық көлемде бөлінді. 2023 жылы жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

ҚАРҒАЛЫ  АУДАНЫ

         6.     

Қос Естек ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенін (ангар үлгісіндегі) салу

Орындалуда.

Қазіргі таңда жертөленің ішкі қабырғаларын көтеру, бірінші әрлеу жұмыстары аяқталуда, ангар монтаждалып, кіріберстегі аражабын тақтайшасы орнатылды, спортзалдың витражын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны іске асыруға 306 млн 965 мың теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 276 млн 268 мың теңге, облыстық бюджеттен 30 млн 697 мың теңге бөлінді. Жобаның аяқталу  мерзімі 2023 жыл.

ҚОБДА АУДАНЫ

         7.     

Көкүй, Қоғалы ауылдарында  ұялы байланыс желісін күшейту жұмыстарын жүргізу

Орындалды.

2022 жылғы желтоқсан айында Көк үй ауылында (оператор – Кселл) спутниктік байланыс арнасынан жерүсті байланыс арнасына көшіру арқылы ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасы жақсартылды.

Қоғалы ауылы (арақашықтығы 2 шақырым) көршілес Жиренқопа ауылындағы билайн байланыс операторының базалық станциясынан ұялы байланыс пен 4G мобильді интернетімен қамтылып отыр.   

МӘРТӨК АУДАНЫ

         8.     

Мәртөк ауылындағы Мир-Хайдаров көшесінің  бөлігін асфальттау

Орындалуда.

Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу сатысында тұр, сараптаманың оң қорытындысын алынғаннан кейін қаржыландыру көзін анықтауға бюджеттік өтінім берілетін болады.

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

         9.     

Ембі қаласындағы С.Сейфуллин көшесін асфальттау

Орындалуда.    

ЖСҚ әзірленді. Жол ұзындығы 1,3 шақырым. Жоба құны 117,3 млн теңге. Ағымдағы жылғы ақпан айында мемлекеттік конкурс жарияланады деп жоспарлануда.

ОЙЫЛ АУДАНЫ

      10.   

Ойыл селосына кіреберіс автокөлік жолын (3,83 км) орташа жөндеу

Орындалуда.

Облыстық  бюджеттен  197,1 млн теңге  бөлінді.

Конкурстық рәсімдер жүргізілуде (хабарландыру сатысында).

ТЕМІР АУДАНЫ

      11.   

Шұбарқұдық кентінің көшелерін жарықтандыру

Орындалуда.

Шұбарқұдық кентінде 4 көшені жарықтандыруға сметалық құжаттама жасалды. Аудандық бюджеттен 4,5 млн теңге бөлінді. 2023 жылғы ақпан айында конкурстық рәсімдер жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Жұмыстарды 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

ХРОМТАУ АУДАНЫ

      12.   

Хромтау ауданы Дөң ауылында салынып жатырған спорт кешенінің құрылысын аяқтау

Орындалуда.

Жоба сомасы 306,0 млн теңгені құрайды. Жобаны іске асыруға 301 млн 333 мың теңге бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 272 млн 590 мың теңге, облыстық бюджеттен 28 млн 743 мың теңге. Бұл жоба 2022-2023 жылдарға арналған. Бүгінгі таңда іргетас, еден плиталарын, жертөле қабаты мен кіреберіс тобының қабырғаларын төсеу жұмыстары аяқталды.

ШАЛҚАР АУДАНЫ

      13.   

Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі Есет Ата  ауылына газбен қамту желілерін салу

Орындалуда.

Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 97,8 млн теңге.

2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім берілді.

Дата публикации
31 января 2023