2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Ақтөбе қаласы және аудандық аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту кезеңдерінің мерзімдерін сақтаумен қатар оқыту сапасын және сайлауды ұйымдастырушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ете отырып, оқытуды ұйымдастырсын.
- Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Комиссия төрағасы Н.Жүсіпов
|
|
|
Комиссия хатшысы Е.Шаңгереев
|
|