Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 22.01.2023
2023 жылдың 22 қаңтарында ауылдық округтер әкімдерін сайлау 4 сайлау округтері бойынша өтті (Алға ауданының Қарабұлақ ауылдық округінде, Мұғалжар ауданының Ақкемер, Құмсай ауылдық округтері, Хромтау ауданының Көктөбе ауылдық округі).
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 2727 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 2255 (82,69%).
Сайлауға 67 мүшесі (21 аумақтық, 46 учаскелік комиссия) бар 3 аумақтық сайлау комиссиялары мен 8 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 12 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 4 кандидат «AMANAT» партиясынан, 1- Ақ жол партиясынан, 8 кандидат өзін-өзі ұсынған.
Барлық 4 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған – 4, өзін-өзі ұсынған - 1.
Сайланған әкімдердің 2 мемлекеттік қызметшілер болып табылады (оның ішінде 2 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 1 – бюджеттік ұйым қызметкері, 1 – уақытша жұмыссыз.
Сайланған әкімдердің орташа жасы – 46 жас, ең жасы – 38-де, жасы үлкені – 57-де.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.
|
1 |
Алға ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/documents/details/406761?lang=kk |
|
2 |
Мұғалжар ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/406257?lang=kk |
|
3 |
Хромтау ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/documents/details/406036?lang=kk |