Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 12 ақпанға тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 6 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындады:
1) Қарақұдық ауылдық округінде
1) Құмтоғай ауылдық округінде
1) Кемпірсай ауылдық округінде
1) Батпақкөл ауылдық округінде
1) Қауылжыр ауылдық округінде
2) Шетырғыз ауылдық округінде
Бүгін 2023 жылғы 04 қаңтарда 5 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 6 ауылдық әкімдерін сайлау тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 05 қаңтардан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.