Мәслихат депутаттары, саяси партиялар, ҚБ, БАҚ, кандидаттың сенім білдірген өкілдерінің назарына

Х А Б А Р

 

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының назарына

 

Облыстық сайлау комиссиясы Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы 2023 жылғы 14 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де (тіркелу сағат 08.00-ден бастап), Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 90/б, «Өнер орталығы» ғимаратының конференц-залында өтетіндігін хабарлайды.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес дауыс беру күні дауыс беруге арналған пункт ашылған кезден бастап және дауыстарды санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін дауыс беруге арналған пунктте бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан қатысуға құқылы.

 

Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады.

 

Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдарынан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан дауыс беру күні өздерінің байқаушыларының (өкілдерінің) қатысатыны туралы алдын ала хабарлауы сұралады.

 

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы

Мәслихат депутаттары, саяси партиялар, ҚБ, БАҚ, кандидаттың сенім білдірген өкілдерінің назарына
Дата публикации
03 января 2023