Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №97 «Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 17 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
- №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының өкілеттігін тиісті Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады деп айқындалсын.
- Ақтөбе облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ақтөбе облыстық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы Н. Жүсіпов
Комиссия хатшысы Е. Шангереев
Ақтөбе қаласы,
2022 жылғы 28 желтоқсан
№ 98