Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 4 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындады:
1) Қарабұлақ ауылдық округінде
1) Ақкемер ауылдық округінде
2) Құмсай ауылдық округінде
1) Көктөбе ауылдық округінде
Бүгін 2022 жылғы 23 желтоқсанда 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 4 ауылдық әкімдерін сайлау тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2023 жылғы 22 қаңтарға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 24 желтоқсаннан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.