Қазақстандық студенттер «Әлем елдерінің сайлау жүйелері»
ІІІ Халықаралық интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарына енді
2022 жылғы 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Параламентаралық Ассамблеясының Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет-олимпиадасы өтті. Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орындарынан 1 465 студент қатысты. Қазақстан Республикасынан еліміздің 26 жоғары оқу орнынан 364 студент қатысты.
Ұйымдастыру комитеті мен халықаралық әділ-қазылар алқасы «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет-олимпиадасының қорытындысына сәйкес интернет-олимпиаданың жеңімпаздары болып 101 және одан да көп балл жинаған ТМД елдері жоғары оқу орындарының 24 студенті анықталды. Жеңімпаздар арасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Мадина Ертайқызы Аралбаева мен М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университетінің студенті Альбина Асылханқызы Байқадам.
Олимпиада жүлдегерлері болып 81-ден 100 баллға дейін алған 207 студент анықталды. Олардың 27-сі қазақстандық студенттер, соның ішінде 6 студент Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің стундеттері: Ақдаулет Ә.Т., Баранова М.В.,Дюсембаева К.К., Жеңісбаева Д.Ж., Изтелеуова Н.Н., Нигметова А.С..
Интернет-олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

