Ақтөбе облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылу қорытындылары туралы хабар

Ақтөбе облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылу қорытындылары туралы хабар

 

Сайлау комиссиясына Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ретінде сайлауға түсу ниеті туралы 5 өтініш түсті:

 

Шыма Ербол Маралұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Қобда ауданы Қобда ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

 

Бекбауова Дана Бахытқызы, 1977 жылы дүниеге келген, Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

 

Козмов Ираклий Юрьевич, 1980 жылы дүниеге келген, «ИнвестСтройГрад» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

 

Бекназаров Рахым Ағыбайұлы, 1967 жылы дүниеге келген,                     Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, Ақтөбе қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

 

         Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы, 1967 жылы дүниеге келген, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтөбе қаласында тұрады, Хромтау және Мәртөк аудандық мәслихаттарының сессияларымен ұсынылған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.

 

Ақтөбе облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылу қорытындылары туралы хабар
Дата публикации
15 декабря 2022