Брифинг
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқанының барысы туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының2022 жылғы 28 қарашадағы № 111/605 қаулысымен 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес 2022 жылдың 13 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық сайлау комиссия төрағасы Н.М.Жүсіпов Хабар, Хабар 24 , Qazaqstan Ақтөбе, Рика ТВ телеарналарында брифинг өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді және де "Ақтөбе","Актюбинский вестник" газеттерінің тілшілері мен Ақтөбе облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі инстаграм парақшасының тікелей эфирінде толық ақпарат беріп өтті.
