Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 111/605 қаулысымен бекітілген
2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі - Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.
|
|
|
|
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандық, қалалық мәслихаттары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні – 29 қарашада басталады және 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (71-б. 1-т., 2-т.)
|
|
2. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссияларының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 8 желтоқсаннан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
3. Таңдаушылардың тізімін жасау және оны облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының интернет-ресурстарында орналастыру.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихаттары хатшыларының ұсынуы бойынша Сайлау тағайындалғаннан кейін (24-б. 9-т., 25-б. 2-т, 3-т.)
|
|
4. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы мәслихат шешімін кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге сайлау комиссиясына жіберу.
|
|
|
|
Мәслихаттар Ұсыну кезеңінде (71-б. 4-т.)
|
|
5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) қоятын талаптарға сәйкестігін анықтау.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде (4-б., 70-б., 71-б. 6 т.)
|
|
6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 5) т.т.), 31-б.)
|
|
7. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзім ішінде (71-б. 6-т.)
|
|
8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін бес күн мерзім ішінде (72-б. 6-т.)
|
|
9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсыну.
|
|
|
|
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат пен оның зайыбы (жұбайы). Кандидат тiркелгенге дейін (73-б. 2-т.) |
|
10. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң растығын тексеру.
|
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде (73-б. 2-т.)
|
|
11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.
|
|
|
|
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат Тіркелгенге дейін, кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін, сондай-ақ оны қолдау үшін жиналған қолдар тексерілгеннен кейін (73-б. 2-т.)
|
|
12. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағатта аяқталады (14-б. 5) т.т., 73-б.)
|
|
13. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей (14-б. 5) т.т., 73-б. 6-т. 2) т.т.)
|
|
14. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
|
|
15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
|
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18 сағатта басталады және 13 қаңтарда нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы танысу үшін ұсыну, сондай-ақ облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының интернет-ресурстарында орналастыру
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Тиісті облыстың, Астана, Алматы немесе Шымкент қалаласының мәслихаты Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда – (26-б. 2-т.)
|
|
17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақытын айқындау
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары (38-б. 4-т.)
|
|
18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын (40-б. 2 т., 4 т.)
|
|
19. Парламент Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы жасау
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Бір күннің ішінде (14-б. 5) т.т., 38-б. 4-т., 41-б., 42-б., 43-б., 77-б., 78-б.)
|
|
20. Парламент Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны сайлау комиссиясына ұсыну
|
|
|
|
Тиісті облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаты Дауыс беру күні (77-б. 7-т.)
|
|
21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы Ортсайлаукомға ұсыну
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай – 15 қаңтардан кешіктірмей (14-б. 5) т.т., 78-б.)
|
|
22. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
|
|
|
|
Ортсайлауком Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімнен кешіктірмей – 20 қаңтардан кешіктірмей (12-б. 10) т.т., 44 -б. 1-т., 81-б. 1-т.)
|
|
23. Парламент Сенатының депутатын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ортсайлауком Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей – 23 қаңтардан кешіктірмей (12-б. 10) т.т., 44-б. 4-т., 5-т.)
|
|
24. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың тиісті облыстың, Астана, Алматы немесе Шымкент қалаларының сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі
|
|
|
|
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.)
|
|
25. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей (34-б. 4-т.)
|
|
26. Парламент Сенатының сайланған депутаттарын тіркеу, белгiленген үлгiдегi тиісті куәлiк пен омырауға тағатын белгi тапсыру
|
|
|
|
Ортсайлауком Сайланған Парламент Сенаты депутаттарынан жетiкүндік мерзiм iшiнде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенаты депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiшiн алғаннан кейiн (45-б., 46-б. 2-т., 82-б.)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.