2022 жылдың 12-13 қарашасында ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.В.Петров Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді
12 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөнінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында Орталық Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.В.Петровтың және облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық прокурорының орынбасары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, полиция департаменті басшысының бірінші орынбасарының қатысуымен облыстық семинар-кеңес өтті.
Бұл шарадан соң Ақтөбе облысының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен оқыту тренингі ұйымдастырылып, К.Петров Ақтөбе қаласындағы учаскелік сайлау комиссияларының жоспарлы жұмыс барысымен, оның ішінде азаматтар тізімін өзектендіру, мүгедек адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін учаскелерді жабдықтау бойынша қосымша шаралар мәселелерімен танысты.
Осы кездесулердің қорытындылары бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды.
Сонымен бірге, 12 қарашада жоғарыда аталған мәселелерді талқылау мақсатында Алға ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Алға ауданы прокурорының орынбасары мен Алға аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен оқыту семинары өткізілді.
Шара соңында қатысушыларға арналған «Қазақстан Респубикасы Президентінің сайлау күнін ұйымдастыру» тақырыбында іскерлік ойын өткізілді.
Сондай-ақ 13 қарашада Мәртөк аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің қатысуымен кезекті тренинг ұйымдастырылып, оған АСК мүшелері мен Мәртөк аудандық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары қатысты.
Кейін К.Петров Сарыжар ауылындағы «Сайлау күні» тақырыбында іскерлік ойын ұйымдастырылған №273 және №272 сайлау учаскелерінің жұмыстарымен танысты.













