Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.О.Сопрун, комиссия мүшесі Н.М.Валиулова және қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Б.Мусабекова учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне семинар өткізді
2022 жылдың қараша айының 10-ы күні облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.О.Сопрун , комиссия мүшесі Н.М.Валиулова және қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Б.Мусабекова учаскелік сайлау комиссия төрағаларының орынбасарлары мен хатшыларына "Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбында семинар өткізді (288 адам).
Семинар барысында халықаралық құжаттар мен ұлттық заңнамалар, есту, көру және тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдар санаттары үшін қолжетімділіктің ең төменгі талаптары бойынша түсіндірмелер берілді. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас кезіндегі этикет ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып,жауаптар берілді.


