Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Мұғалжар және Темір аудандарында семинар өткізді

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Мұғалжар және Темір аудандарында семинар өткізді

 

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында сайлау комиссияларының құрамдарын оқытудың каскадты әдіс кезеңдеріне сәйкес  оқытуды өткізу үшін Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіпов 2022 жылдың қараша айының 8 күні  Мұғалжар және Темір аудандарына іс-сапарға шықты.

 Оқытуды өткізу барысында сайлау комиссиялары мүшелеріне  әр түрлі бағытта дәрістер оқылып, кейстермен жұмыс жасалып, іскерлік ойындар жүргізілді.

Оқыту соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Мұғалжар және Темір аудандарында семинар өткізді
Дата публикации
08 ноября 2022